Бағаның көтерілуіне тоқтау қоя алмадық - Сапарбаев

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қант, көкөніс бағасы күрт өскен. Бағаны билік бақылай алмады. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев алғашқы жартыжылдықтың экономикалық-әлеуметтік қорытындысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін БАҚ өкілдерін жанына ертіп, өңірде салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысын қарап шықты. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй құрылысы мен Ақтөбе-Орск бағытындағы жол көрсетілді. Тілшілер спорт кешенінің, Жастар сарайы мен Офтальмологиялық емхана, Еркін күрес сарайы, облыстық мұражай ғимаратының құрылысы және Мұз айдыны, Шығармашылық академиясының нысандарын қарап шықты. Мемлекеттік-жеке меншік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынып жатқан нысандардың құрылысы 2016 жылы басталған болатын. Алғашқылары іске қосылып, биыл бірнеше нысан өнер, спорттағы балалар мен жастардың игілігіне беріледі. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылаған облыстық әкімі Бердібек Сапарбаев алдымен экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіштерге тоқталды.

«Біз халқымыздың алдындағы барлық әлеуметтік міндеттерімізді толғымыен орындадық. Яғни, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасы орындалып жатыр. Халықтың әл-ауқаты, тұрмысы өткен жылмен салыстырғанда төмендеген жоқ. Негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Өндіріс өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық орындалды. Яғни, жыл басынан бері 700 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Негізгісі - хром, рельс. Дәл осындай 4 пайызға жуық өсім ауыл шаруашылығында да бар. Экономиканы дамыту үшін инвестиция тарту керек. Қазіргі таңда облыс экономикасына 160 миллиард теңгенің инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға жоғарылады. Халықты жұмыспен қамтамасы ету 4,8 пайызды құрап отыр», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, кездесу кезінде бағаның көтерілуі де сөз болды. «Баға мәселесінде сұрақ бар. Бағаның көтерілеуіне тоқтау қоя алмадық. Әсіресе, бізде өндірілмейтін қант, көкөніс, құс еті. Базарларды аралап шықтық, картоп, сәбіз бағалары өткен аймен салыстырғанда төмендеген.

Апта сайын жәрмеңке өтіп жатыр. Облыста 21 әлеуметтік павильон бар»,- деді өңір басшысы Б.Сапарбаев. 

Соңғы жаңалықтар