Бағдат Сабаз грек-рим күресінен әлем чемпионатының ширек финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Бағдат Сабаз грек-рим күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында сәтті өнер көрсетті.
Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Болгария өкілі Абу Амаевпен күресті.
ҚР ҰОК мәліметінше, бірінші кезеңде болгариялық балуан басым түсті (5:0). Дегенмен екінші үш минуттықта Бағдат Сабаз қайсар мінез танытып, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық балуан Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жеткенін жазған едік.
Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальге ие болды.
Қазақстандық балуан Исхар Курбаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.