Бангкоктегі ғимараттың құлауына байланысты тұтқындау туралы он жеті ордер берілді
АСТАНА. KAZINFORM – Тайланд соты жер сілкінісі кезінде құлаған ғимараттың құрылысына қатысы бар адамдарды тұтқынға алу үшін 17 ордер берді, деп хабарлайды BBC.

Ошағы Мьянмадан басталған 7,7 магнитудалық жер сілкінісі кезінде Бангкокте Мемлекеттік аудит басқармасына берілген 30 қабатты ғимарат құлады.
Билік өкілдері қирандылар астынан 89 адамның денесін тауып, тағы 7 адамның із-түзсіз кеткенін анықтады.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция істі тергей келіп, құлаған ғимаратты жобалау, салу, техникалық бақылау жұмыстарына қатысы бар адамдарды тұтқындауға ордер берген.
Ғимарат құлаған сәтте онда 400 жұмысшы болған. Құтқару жұмыстарына ұшқышсыз ұшатын аппараттар, қызметтік иттер, кран мен эксковаторлар жұмылдырылды.
Жер сілкінісі салдарынан 3 мыңнан астам адам мерт болды. 4500-ден астам зардап шеккен.
Осыған дейін Бангкок тұрғындары қатты жер сілкінісіне байланысты эвакуацияланғаны туралы жаздық.