Бахтияр Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ол 1990 жылы 1 шілдеде Алматы облысы Бостандық ауданында дүниеге келген.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласында «Қазпошта» АҚ-да бас маман болып бастаған.
2010–2020 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ-да бас маманнан АТ-инфрақұрылым жөніндегі атқарушы директор және E-commerce департаментінің директорына дейін түрлі қызметтер атқарған.
2021–2022 жж. – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарушы директоры.
2022–2023 жж. – ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
2023–2025 жж. – ҚР Үкіметі Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
2025 жылдың мамыр айынан қазіргі күнге дейін – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры.
Осыған дейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі тағайындалғаны туралы жаздық.