Бала кезімдегі қара тұман әлі сейілмепті – Шымкент әкімі қаланың басты кемшілігін атады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде шаһардың басты кемшілігін атады, деп хабарлайды Kazinform.

ғабит сыздықбеков
Фото: ortcom.kz

«Шымкент қаласының ең басты үш жетістігі мен үш кемшілігі қандай?» деп сұрады журналист.

Ғабит Сыздықбеков Шымкентке әкім болып келгеніне 3 ай ғана болғанын еске салды.

«Спутник» сквері мен «Фосфоршылар» мәдениет сарайының мемлекетке қайтарылуын жетістік дер едім. Оның үстіне біз қаланың тазалығын қолға алдық. Менің өзіме де қалада серуендеу ұнап барады. Қазақ таза бола түсті деп есептеймін», — деді ол. 

Оның сөзінше қаланың негізгі кемшілігі — лас ауа.

«Кемшіліктердің ішінде ауаның ластануын айтуға болатын шығар. Әлі күнге дейін солай. Есімде, бала кезімде қаланың үстінен қара тұман басып тұратын. Өкінішке қарай, жағдайдың соншалық жақсарып кеткенін байқамадым. Тұрғындарды алаңдататын мәселелердің бірі — осы дер едім», — деді әкім. 

Соңғы жаңалықтар