Бала тәрбиесіне осал қараған 6 мыңнан астам ата-ана есепке алынды

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміз бойынша сот 600-ден астам адамды ата-ана құқығынан айырды және 340 ата-анаға шектеу қойды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов айтты.

Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық: Алматыда бес мыңға жуық адам есепке алынды
Фото: pixabay

«Өңірлердегі әкімдік жанынан құрылған ведомствоаралық мобильді топтар қиын жағдайға тап болған 2 мыңнан астам отбасыны анықтап, мәліметтер құзырлы мемлекеттік органдарға жіберілді. Балаларды тәрбиелеу міндетін орындамайтын 6 мыңнан астам ата-ана профилактикалық есепке қойылды», - деді Әсет Оспанов ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, балалардың құқығын қорғау комиссия 1800 материал қараған.

«Сот 600-ден астам адамды ата-ана құқығынан айырды және 340 ата-анаға шектеу қойды. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін 12 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кету керек, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мектеп оқушылары және ата-аналарға тұрақты түрде дәріс өткізіледі», - деді Әсет Оспанов.

Соңғы жаңалықтар