Балабақшада төбелескен астаналық екі әйелдің ісін полиция қарап жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде екі әйелдің төбелескен видеосы тарады. Оқиғаның мән-жайын елорда полициясының баспасөз қызметінен сұраған едік.

Балабақшада төбелескен астаналық екі әйелдің ісін полиция қарап жатыр
Фото: видеодан алынды

Желідегі жазбаға қарағанда, төбелес балабақшада екі әйелдің кикілжіңінен туындаған.

- Жанжал шығарған тараптар полицияға дене жарақаты туралы арыз берді. Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ елорда полициясынан тексерудің нәтижесі бойынша шешім қабылданатыны айтылды.

Бұған дейін Атырауда мейрамханада мемлекеттік қызметкерлердің төбелескені туралы хабарлаған едік. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ жаңа жыл түні Алматыда төбелес болып, полиция бұзақылық бабы бойынша іс қозғады. 

Соңғы жаңалықтар