Балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады – министр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы жасалады. Бұл туралы ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None

«Отбасылардың өмірлік түрлі жағдайларына байланысты ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымды таңдауының жаңа жолдары қарастырылып жатыр. Балаларға тең жағдай жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз етудегі тағы бір маңызды мәселе – халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын тегін тамақтандыру болып табылады», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ министр атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылады.

Айта кетерлігі, елімізде 2-6 жас аралығындағы балалардың 89,1 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.


Соңғы жаңалықтар