Балабақшалар кезең-кезеңімен лицензияланады – Асхат Аймағамбетов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Оқу-ағарту миинстрі Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау қалай жүргізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2011 жылдан бері балабақшалар жұмысын бастау үшін лицензия алмайды, тек қана жұмысын бастағаны туралы хабарлама береді. 2021 жылға дейін олар мемлекеттік бақылау яғни аттестаттаудан да толығымен босатылған. Лицензиядан босату туралы шешім жекеменшік сектордың жылдам дамуына, балабақшамен қамтуды 99 пайызға жеткізуге әсер етті. Бірақ, сонымен қатар, ол сапаны қамтамасыз етуге де теріс әсерін тигізді», - деп атап өтті министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министр соңғы кездері балабақшалардың жұмысы бойынша ата-аналардың арыздары жиілеп кеткенін айтты.

«Осыған қарай, 2021 жылы мемлекеттік бақылауды қайта енгіздік. Оның нәтижелері де проблемаларды көрсетіп отыр, балабақшалардың 80%-ы бақылаудан өте алмады. Олар аттестациядан өтпеуіне байланысты, формалды түрде жабылады, бірақ лицензия бойынша талап болмағанан кейін сол ғимаратта, сол проблемалармен қайта ашылып жұмысын жалғастыра береді. Осыған орай, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбие сапасын арттыру, мақсатында балабақшаларды кезең-кезеңмен лицензиялау енгізіледі», - деді А. Аймағамбетов.

Сәйкесінше, жаңадан ашылатын балабақшалар енді лицензия алып, барлық талаптарға сай екенін көрсетіп жұмысын бастайтын болады.

Ал қазір жұмыс істеп жатқан балабақшалар, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде кезең-кезеңмен лицензияланады.

Еске сала кетсек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жекеменшік балабақшаларды лицензиялау тәртібі қайта енгізілетінін айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар
telegram