Балабақшаларда 103 мың педагог бар - министрлік

АСТАНА. KAZINFORM — Балабақшаларда қызмет етіп жүрген педагогтердің басым бөлігі мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда қамтылған. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова айтты.

детский сад, дети, балабақша
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

- Өңірлерде жаңа орындарды ашу және оларды әрі қарай қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 2023 жылы 203 млрд теңге, 2024 жылы 226 млрд теңге, 2025 жылы 252 млрд теңге жалпы сипаттағы трансферттер бөлінді. 2023 жылдан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын (ХӘОТ) отбасы балаларын мектепке дейінгі ұйымдарда тегін тамақтандыру қамтамасыз етілді. Биыл мектепке дейінгі ұйымдарда 67 200 бала тегін тамақпен қамтылды, - деді М. Мелдебекова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 103 мың педагог қызмет етеді. Соның 60 мыңы мемлекеттік, ал қалған 43 мыңы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыспен қамтылған.

- 2019 жылдан бастап балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы 130 пайызға артты. Сондай-ақ 41 мыңға жуық педагогке біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысына 30-50 пайыз аралығында қосымша үстемеақы төленеді. Соңғы үш жылда жаңа аттестаттау жүйесі бойынша біліктілік санаты бар педагогтер үлесі 43-тен 47 пайызға өсті, - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кейінгі 5 жылда еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың саны 10 650-ден 12 мыңға (11 909) жуықтады

Соңғы жаңалықтар