Балалар ақша санау есептерінде математикалық тапсырмаларды жақсы игереді - ҚР БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Балалар ақша санау есептерінде математикалық тапсырмаларды жақсы игереді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз қызметінде Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева осылай мәлім етті.
None
None

Баспасөз мәслихатында тілшілер министрлік өкілінен «ерте жастан балаларды ақшаға баурау дұрыс па?» деген сауал қойды.

«Қайта есептеу тапсырмаларына тоқталатын болсақ, бұндай жағдайлар санаулы ғана, себебі бұл бағытта жемістерді санауға қатысты есептер,  сондай-ақ сандық мәнде отбасы мүшелері туралы есеп-қисаптар баршылық», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, балалар ақша санауға негізделген есептерді жылдам шешеді.

«Балалар ақша санау арқылы есепті тез игереді. Біздің мұғалімдердің, бастауыш сыныптар мамандарының зерттеуіне сүйенсек, балаларға ақша бойынша түсіндірген кезде, яғни бөлу немесе азайту тапсырмаларын бергенде, олар бұл есептерге тезірек мән береді», - деп түсіндірді Э. Суханбердиева.

Соңғы жаңалықтар