Балалар Ақтөбеде әкімдік ғимаратына көліктің қалай кіріп кеткенін айтып берді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Тал түсте Ақтөбе әкімдігі ғимаратына көлік кіріп кетті. Оқиға ойнап жүрген балалардың көз алдында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.
«Біз алаңда жүргінбіз. Сол кезде көліктің әкімдік ғимаратында тұрғанын көрдік. Полиция, жедел жәрдем қызметі келді», - деді оқиға куәгерлері. Балалар сол сәтті суретке түсіріп алған.
Қазіргі кезде зақым келген ғимаратқа жедел жөндеу жүргізіп, ағаш есікке әйнек салынды. Оқиға түске қарай болған. Көлік бірден айып тұрағына жеткізілді. Қазір ІІД ресми ақпарат дайындап жатыр.