Балалар еліміздің бас ұстазына хат жолдай алады
Қазақстан балалары еліміздің бас ұстазына тікелей хат жолдай алады. «Министрге хат» акциясы басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту минист рлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

27 мамыр мен 1 маусым аралығында «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында республикалық «Министрге хат» акциясы өтеді.
— Акцияның мақсаты — балалардың өз ойларын ашық айтып, мектеп, қала немесе ел тұрмысына қатысты ұсыныс білдіруіне, сұрақ қоюына мүмкіндік беретін ашық диалог алаңын құру. Хаттар келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: balalaruni2025@gmail.com Өтініш білдіру форматы еркін: бұл мәтін, сурет, фотосурет немесе қолмен жазылған хаттың скан-нұсқасы, бейнежазба немесе презентация болуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Хатта міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
* баланың тегі мен аты;
* оқу орны;
* мекенжайы мен байланыс телефоны.
— Акция қорытындысы бойынша Министр хаттармен жеке танысып, ең мазмұнды әрі шынайы хаттарға жеке жауап береді. «Министрге хат» — бұл әр баланың дауысы маңызды саналатын сенім мен құрмет алаңы, — делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетелік бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында еліміздің жас азаматтарына үндеу жасаған еді.