Балалар күніне арналған мерекелік шараларға бюджеттен 55 млн-нан астам қаржы бөлінеді - БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала болжам бойынша 1 маусым - Балалар күніне арналған мерекелік шараларға жергілікті бюджеттерден жалпылай алғанда 55 млн-нан астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҚР білім және ғылым министрлігінде өткен «Қазақстан балалары және Конвенция» атты баспасөз мәслихатында вице-министр Есенғазы Иманғалиев айтты.
None
None

Оның айтуынша, 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Біз - Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» бүкілқазақстандық акциясын өткізіп келеді. Биыл бұл акция Қазақстанның БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялауының 20 жылдыған арналып отыр.

«Биыл «Біз - Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» бүкілқазақстандық акциясы аясында 3 млн. бала қатысатын 500 мерекелік іс-шара жоспарланған.

1 маусым күні «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық компаниясы басталады. Ал Астана қаласында 1-2 маусым күндері 150 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Таң Шолпан» республикалықшығармашылық конкурсы, сондай-ақ, «Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар фестивалі өтеді», - деді вице-министр.

Е. Иманғалиевтің айтуынша, Қостанай облысында «туған күніңмен, балақай» мерекелік шарасы аясында 1 маусым күні туған барлық балаларға сыйлықтар табыс етіледі.

«Сондай-ақ, көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары, жетім балалар үшін республиканың түкпір-түкпірінде қайырымдылық акциялары «кинотеатрларға тегін билет, көңіл көтеру орталықтарын аралау, ескерткіш сыйлықтар) ұйымдастырылады. Осындай шараларға жергілікті жерлердің білім басқармаларының ақпараттары бойынша жергілікті бюджеттен шамамен 55 миллионнан астам теңге жұмсалмақ. Сондай-ақ, қайырымды жандардан 88,5 млн. теңге тарту көзделген», - деп атпа өтті вице-министр.

Соңғы жаңалықтар