Балалар терезеден құлап кетпеуі үшін не істеу керек

Статистика көрсеткендей, қайғылы жағдайдың көбі ересектердің қарауынсыз қалған кәмелетке толмаған балалармен немесе ата-аналардың балаларының қауіпсіздігіне бей-жай қарауына байланысты орын алуда. Көптеген ата-аналар ашық тұрған терезенің балалар үшін аса қауіпті екендігін естен шығарады.
Полиция балалардың терезеден құлап кетпеуі үшін мынадай кеңес береді:
Бала үйде болған кезде, терезені ешқашан ашық қалдырмаңыз. Сіз қасында болуыңыз мүмкін, алайда көңіліңіз басқа жаққа бөлінген бір секунд Сіздің балаңыздың өмірінің соңғы сәті болуы мүмкін;
Ешқашан шыбын-шіркей торының қауіпсіз екендігіне сенбеңіз - балалар оған сүйеніп, тормен бірге құлауда;
Баланың терезені өздігінен аша алмауы үшін арнайы құлып жүйесін орнатыңыз;
Балаға терезеден бірдеңе көрсетіп жатқанда - әрдайым терезені мықтап бекітіңіз, бүлдіршіннің кенеттен қимылдауына дайын болыңыз, оны киімінен ұстап тұрмаңыз;
Терезенің алдындағы бала шығып терезеге жете алуына мүмкіндік беретін жиһазды басқа жерге қойыңыз, бұл баланың құлауының алдын алуға септігін тигізеді.