Балалар жазғы демалыста қандай кітап оқығаны дұрыс

АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мектеп оқушыларының жазғы демалыста оқуына кітаптар тізімін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Ұсынылған кітаптар тізімі оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген. Атап айтқанда:

1-4 сынып оқушыларына жас шамасына қарай қысқа көлемді ертегілер, қызықты аңыз-әңгімелер, батырлар туралы шығармалар ұсынылды.

5-9 сынып оқушыларының ойлау әрекетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту, адамгершілік қасиетін қалыптастыруға бақытталған кітаптар тізімі жасалды.

10-11 сыныптарға ұсынылған шығармалар оқушылардың рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін көркем әдебиеттер іріктелді.


Соңғы жаңалықтар