Балаларды қорғау күні: елордалық емханаларда Ашық есік күндері өтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл күндері балалар аудиоскринингтен өтіп, мамандарға қарала алады, деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Астанадағы барлық емханада балалар денсаулығының алдын алуға бағытталған іс-шаралар басталды.
— Ашық есік күндері аясында емханаларда хирург, ЛОР-дәрігер, көз дәрігері, невропатолог, тіс дәрігері, педиатр және басқа да мамандар кеңес береді. Сонымен қатар, балалардың қалауы бойынша аудиоскрининг жүргізіледі, сондай-ақ баланың даму кабинетін аралау қарастырылған, — делінген басқарма таратқан ақпаратта.
Барлық іс-шара «Дәрігер — балалардың жанашыры» ұранымен өтіп жатыр. Ашық есік күндері әр емханада әртүрлі күндері мен уақыттарда ұйымдастырылады. Барлық ақпарат медициналық ұйымдардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланған. Толығырақ ақпаратты учаскелік дәрігерден алуға болады.
Бұған дейін Астанада 1000-ға жуық адам наркологиялық есепте тұрғанын жаздық.