Баласын өлі босанған ақтөбелік келіншек дәрігерлердің салғырттығына ренішін білдірді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жас ана Асылзат Тұрар баласын өлі босанды. Жүктілік кезінде ауырмаған, учаскелік дәрігерлердің үнемі бақылауында болған келіншек дәрігерлердің салғырттығына ренішін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Асылзат Тұрар қазір Ақтөбе облыстық перенаталдық орталықта ем қабылдап жатыр. Жүктілік кезінде ауырмаған жас ана 17 сағаттан соң баласын өлі туғанын айтып, дәрігерлердің салғырттығына ренішін білдірді.
null 

«Перзентхана келген кезде 24 сағат күту қажет деген құжатқа қол қойдырып алды. Түнде қиналып, кезекші дәрігерге хабар бердім. Ол таңға дейін күтуге кеңес берді. Түні бойы ұйықтамай, дәлізде жүрдім. Сол кезде медбике ұйықтап жатты. Оны оятпадым. Кейін қатты қиналып, көмек сұрадым. Кезекші медбике құжатқа қол қойғанымды айтып, күту қажет екенін ескертті», - деді Асылзат Тұрар. Сол күні таңда УДЗ жасалып, баланың жүрегі соқпай тұрғаны анықталған.

null

null

«2 қыркүйек күні келінім жедел жәрдеммен перзентханаға түсті. №1 перенаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауда болды. 3 қыркүйек күні телефон шалып, «шетінеп кетті» деп хабар берді. Мен перзентханаға келіп, дәрігерлерден себебін сұрадым. Олар түнімен бақылау жүргізгенін, таңғы сағат 5:00-де баланың жүрегі соғып тұрғанын айтты. Екі сағаттан кейін тексерген кезде баланың жүрегі тоқтап қалғаны анықталған. Келінім қиналған кезде дәрігерлерге барып, айтады, дәрігерлер 3-4 сағат күтуін ескертеді. «Неге ұйықтайды?» деп бас дәрігерден сұрағанымда «ұйықтауы керек» деп жауап берді. Көңілім қалды? Енді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына шағымданамыз», - деді Асылзат Тұрардың енесі Аққанат Қазақова.

Жас ана Асылхат Тұрар Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы туған анасына сағат сайын хабарласып тұрған.

«Сағат сайын қызыма хабарласып, жағдайын біліп отырмын. Дәрігер сол күні ұйықтап жатқан екен. Оятады, бірақ «орныңа жат» деп еш шара қолданбаған, уақыты болмады деп айтқан. Бала түншығып өлген. Біз дәрігер емеспін, бірақ анамыз, мән-жайды білеміз. Ана мен бала қаралмаған», - деді Жанат Омарова. 

Қазіргі уақытта орталықта арнайы комиссия құрылып, бала өлімінің мән-жайы анықталып жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды.

«Перзентханаға түскен Асылзат Тұрардың бұл екінші баласы. Босанушыдан гипоплазия анықталды. Бұл дегеніміз бала жолдасының көлемі мен салмағы кішкентай болған. Бізге түскен кезде күні жетілмеді, анадан су кетті. Клиникалық талап бойынша 24 сағат күтуіміз қажет. Сол аралықта әйелді бақылап, босануға дайындық жүреді. Шараның бәрі қолданылған. Әйел мен баланың жағдайы қалыпты болды. Арада 17 сағат өткенде толғақ басталған. Сол кезде баланың жүрек соғысы естілмей қалған. Гистологиялық сараптама тағайындалды», - деді облыстық перинаталдық орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасар Сәнтай Бержанова.

Айта кетейік, №1 перенаталдық орталықта жыл басынан бері 13 бала шетінеп кеткен. Сонымен қатар, 38 бала ана жатырында жатып, жүрегі соқпай қалған. Бұл перенаталдық орталық өңірдегі жүктілігі түрлі потологиялық жағдайлармен өрбіген, ана мен бала денсаулығында ақауы бар науқастарды қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар