Балауса Муздиман Астанадағы бокс кешінде шаршы алаңға шығады

АСТАНА.KAZINFORM - Кәсіпқой бокстан ел намысын қорғап жүрген бұрымды қыз Балауса Муздиман (6-0,5КО) Астанада өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады.

Балауса Мұздиман
Фото: Nomad Promotions

Nomad Promotions компаниясының хабарлауынша, Балауса 5 сәуір күні өтетін Жәнібек-Анауэль айқасы андеркартында жұдырықтасады, оның қарсыласы жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Розалинда Родригес (14-0, 3КО).

- Жанкүйерлерім үшін өте тартысты жекпе-жек болады. Себебі, қарсыласым ешқашан жеңіліп көрмеген америкалық қыз. Тартысты бәсекеде Қазақ еліне жеңіс сыйлау үшін бар күшімді саламын, - деді Балауса.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) қарсы чемпиондық белдіктерін қорғайды.

Аталған бокс кешінде бүгінде ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген ағайынды Сабырхандар шаршы алаңда кәсіпқой бокста бақ сынап көрмек.

Ағайынды боксшылардың қарсыласы әзірге анықталмаған.

Сондай-ақ, осы күні Сұлтан Зауырбек пен Батыр Жүкембаев та бокс кешінің көрігін қыздырады деп жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Кәсіпқой боксшы осыған дейін өткен баспасөз маслихатында Kazinform тілшісіне алдағы жоспары туралы айтып берген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар