Балқаш көлінде браконьерлер ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған Жетісу облысы мен Талдықорған қаласының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Балқаш көлінде браконьерлер ұсталды
Фото: ҚР ІІМ

— «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Балқаш қалалық желілік полиция бөлімі мен Балқаш-Алакөл аймақаралық бассейндік инспекциясы көлде моторлы қайықты тоқтатты. Оның ішінде 35 жастағы Жетісу облысының және 37 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны болған, — делінген ақпаратта.

Тексеру кезінде қайықтан ұзындығы 2500 метрлік ау табылды. Сонымен қатар 8 жәшік балық тәркіленді. Жәшіктерден көксерке, ақтабан, табан, жая, жайын және сазан секілді балық түрлері шықты. Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы — 252,3 келі. Табиғатқа келтірілген залал сомасы 1,2 млн теңгеден асқан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Қарағанды облысында заңсыз аң аулаған браконьерлер ұсталған болатын.

Соңғы жаңалықтар