Бангкоктегі жер сілкінісі құрбандарының саны 86-ға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Бангкоктегі жер сілкінісі салдарынан құлаған Бас аудит басқармасы ғимаратының құлауынан құрбан болғандар саны 86-ға жетті, 8 адам жоғалып кеткен. Бұл туралы Тайланд астанасының әкімшілігі мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

Құтқарушылар құтқару операцияларын жүргізіп жатыр. Олар осы нысанда жұмыс істеп жатқан құрылысшыларды табу үшін қаланың солтүстігіндегі Чатучак ауданында орналасқан 30 қабатты ғимаратты қирандылардан тазартып жатыр.
- Іздеу-құтқару операциясы барысында 86 адамның денесі табылып, олардың кім екені анықталды. Қазір із-түзсіз кеткен 8 адамды іздеп жатыр, - деп хабарлады үйлестіру штабынан.
8,2 магнитудалы жер сілкінісі 28 наурыз күні Мьянма аумағында болды. Республика бойынша зілзала салдарынан мерт болғандар саны 3,8 мың адамға жетті. Жер сілкінісінен Тайланд тұрғындары да зардап шекті. Күшті жерасты дүмпулері Бангкок пен оның маңындағы, сондай-ақ Корольдіктің солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық және оңтүстік аудандарында сезілді.
Бас аудит басқармасының ғимараты Тайланд астанасындағы жер сілкісіне төтеп бере алмаған жалғыз ғимарат.
Осыған дейін Бангкок тұрғындары қатты жер сілкінісіне байланысты эвакуацияланғаны туралы жаздық.
Бангкоктағы ғимарат апатына байланысты Қытай компаниялары тергеуге ілінді.