Банк ғимаратына шабуылдаушы әпкесінің еміне ақы талап етті - куәгер

«18 маусым, түскі ас уақыты болды. Маған кезекші қоңырау шалып, кепілге алу туралы қоңырау түскенін айтты. Мен өз көлігіммен оқиға орнына бардым. Жол-жөнекей қанша адам кепілге алынғанын анықтадым, 10-15 минут ішінде жеттім. Оқиға орнында полиция қызметкерлері және көп адам болды. Біраздан соң мен оқ өтпейтін жилетпен (бронежилет) Әлиханмен (айыпты) байланыс орнату үшін БАҚ өкілі ретінде ғимаратқа кірдім. Сенімге кіру үшін Әлихан оқ өтпейтін жилетті шешуді өтінді, мен жилетті шешіп тастадым. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, аз қамтылған және мүгедек балаларға банк акцияларын аудару туралы талаптардан басқа, ол әпкесінің емделуіне қаржылық көмек көрсетуді сұраған», - деді сот барысында куәгер.
Айта кетейік, сот отырысы алдында судья куәгерлер мен зардап шеккендерге қатысты жеке мәліметтерді (аты-жөні, қызметі, т.б.) жариялауға тыйым салды. Сот отырысы бүгін сағат 15:00-де жалғасады.
Еске сала кетсек, биыл 18 маусымда қаруланған ер адам елордадағы Kaspi банк ғимаратында бірнеше кісіні тұтқында ұстап отырды.
Араға уақыт салып аталған банктің баспасөз қызметі ғимаратта клиенттердің жоқтығын және полиция қызметкерлерінің күдіктімен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Оқиға орнына Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов барды.
Полиция қызметкерлері кепілдегі азаматтарды босатып алды.
23 тамызда Kaspi Bank ғимаратына жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс сотқа жеткенін хабарлаған едік.
Айта кетейік, 29 тамызда өткен алғашқы сот отырысында Kaspi Bank ғимаратын басып алған жігіт оның алдында өзін өлтіру үшін дәрі ішкені белгілі болды.