Банкротқа ұшыраған бес қарағандылық кәсіпорын қайта іске қосылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы бес кәсіпорын банкроттық жағдайдан шығарылып, қайта жұмыс жасай бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Атқарушы билік жаңа зауыттардың ашылуына өз септігін тигізіп қана қоймай, экономикалық дағдарыс кезінде жоғары өндіріс қарқынын сақтап қала алмаған кәсіпорындарды қалпына келтіруде.

Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков халыққа есеп беру барысында хабарлағандай, банкроттықтан шығарылған бес кәсіпорын тұрғындарды жүздеген жұмыс орнымен қамтамасыз етіп, бюджетке салық төлейтін болады.

Әрбір кәсіпорынның жағдайын жіті бақылауына алған әкім Әбдібеков пен өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының арқасында Қарағандыдағы кондитер өнімдерін шығаратын зауыт, Шахтинскідегі кірпіш зауыты мен жоғары және бірінші сортты ұн шығаратын зауыт қайта іске қосылды.

Сонымен қатар, қызмет көрсету саласындағы қойма орындарын жалға беретін кәсіпорын мен металлургиялық кремний өндіретін еліміздегі жалғыз зауыт қалпына келтірілді. 

Соңғы жаңалықтар