«Барыс» буллиттен «Ак Барсқа» есе жіберді

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

барыс
Фото: пресс-служба ХК «Барыс»

Елордалық клуб әлі де плей-офф сатысына шығуға мүмкіндігі бар. Сондықтан әрбір кездесуде жеңіске жетуге бар күшін салып келеді.

Десе де соңғы екі ойында олар қарсыластарына есе жіберіп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама қиындатып алды.

Ойынның бірінші кезеңінде екі команда бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Соған қарамастан, таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Одан кейінгі екі кезеңде де есеп өзгермеді. Овертаймда да жеңімпаз белгілі болған жоқ. Буллитте «Ак Барстың» жолы болды.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына буллиттен 0:1 есебімен есе жіберді.

Енді қазақстандық клуб алдағы үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 15 қаңтарда «Лада» (Тольятти) клубымен кездессе, одан кейін 16 қаңтарда «Салават Юлаев» (Уфа), 19 қаңтарда ЦСКА (Мәскеу) клубатарымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар