«Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңіліп қалды

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Барыс» командасы бүгін Ресейде «Салават Юлаев» командасымен кездеседі
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Елордалық клуб қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетіп, өткен турда қарсыласына есе жіберіп қойды. Жарыстың плей-офф сатысына шығу үшін олар үшін әрбір кездесуде жеңіске жету міндеті тұр.

Десе де де ресейлік клуб оңай шағылатын жаңғақ емес. Ойын басынан олар тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан Егор Сучков 4-минутта есеп ашып кетті.

Екінші кезеңде «Салават Юлаев» хоккейшісі Джош Ливо қатарынан 23-минутта қатарынан екі мәрте мергендік танытса, одан кейін «Барыс» сапынан Энтони Камара 38-минутта есеп айырмасын қысқартты.

Ал 39-минутта Матвей Гуськов қайтадан ресейлік клубтың басымдығын арттыра түсті.
Ойынның 45-минутында «Барыс» сапынан Самат Данияр гол соқса, Матвей Гуськов минутта 50-минутта бір голмен жауап қайырды.

Қазақстандық командадан Даниил Апальков 59-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберіп, қатарынан екі мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 9 қаңтарда Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ресейде «Тракторға» есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар