«Барыс» сапын америкалық хоккейші толықтырды

АСТАНА. KAZINFORM – «Барыс» хоккей командасының құрамына Максвелл Уиллмен қосылды, деп хабарлайды Kazinform Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тағы бір шетелдік ойыншы «Барыспен» келісімшартқа отырды
Фото: Sports.kz

Хоккейші 2026 жылдың 31 мамырына дейін елордалық клуб сапында өнер көрсетеді. 

Шабуылшы cпорттық кәсіби мансабын Солтүстік Америкада өткізді. Оның статистикасына Ұлттық хоккей лигасында Филадельфия мен Нью-Джерсиде ойнаған 68 ойын кіреді.

Виллманның Қазақстанға көшкенге дейінгі соңғы командасы «Утика» болды. 

Өткен маусымда Comets құрамында Макс AHL тұрақты маусымының 69 ойынында 30 (10+20) ұпай жинады.

Бұдан бұрын «Барыс» командасының Ресейде «Трактор» командасымен кездесетінін жазғанбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар