Барселона футболдан Еуропа лигасы жартылай финалына шыға алмай қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Испанияның «Барселона» командасы футболдан UEFA Еуропа лигасы жартылай финалына шыға алмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барселона  футболдан Еуропа лигасы жартылай финалына шыға алмай қалды

Испаниялық клуб ширек финалда Германияның «Айнтрахт» командасына 2:3 есебімен жол берді. Алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталған болатын.

Қалған ойындарда Германияның «РБ Лейпциг» командасы Италияның «Аталантасын» 2:0 ( бірінші ойын 1:1), Шотландияның «Рейнджерс» клубы Португалияның «Брагасын» 3:1 (бірінші ойын 0:1), Анлияның «Вест Хэм Юнайтеді» Францияның «Лионын» 3:0 (бірінші ойын 1:1) есебімен сүріндірді.

Енді жартылай финалда «РБ Лейпциг» пен «Рейнджерс», «Вест Хэм Юнайтед» пен «Айнтрахт» командалары кездеседі.

Ойындар 28 сәуір мен 5 мамыр күндеріне белгіленген. Финал Испанияның Севилье қаласындағы «Рамон Санчес Писхуан» стадионында өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды.