10:01, 14 Сәуір 2022 | GMT +5
Футболдан Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан командалардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 cәуірде ширек финалда «Ливерпуль» Португалияның «Бенфикасымен» 3:3 есебімен тең түсті.
Алғашқы кездесуде ағылшындар 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Тағы бір ойында «Манчестер Сити» Испанияның «Атлетико Мадрид» клубымен 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Бірінші ойында ағылшын клубы 1:0 есебімен тізе бүктірді.
Еске салсақ, бұдан бұрын мұндай мүмкіндікке Испанияның «Реал Мадрид» және «Вильярреал» командалары ие болған еді.
Жартылай финалда «Манчестер Сити» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания), «Вильярреал» (Испания) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары кездеседі.
Жартылай финал ойындары 26-27 сәуір және 3-4 мамыр күндеріне белгіленген.
Финал 28 мамырда өтеді.