05:38, 23 Қараша 2022 | GMT +5
«Барыс» бүгін елордада «Ак Барс» командасымен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын бүгін, 23 қараша елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 45 мәрте кездесті. Оның 10-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде отыз үш ойыннан кейін 30 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.
Ал отыз екі ойыннан кейін 32 ұпай жинаған «Ак Барс» 16-орынға жайғасқан.
Кейінгі он кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Салават Юлаевтан» басым түсті.