15:48, 24 Желтоқсан 2022 | GMT +5
«Барыс» бүгін елордада «Автомобилист» командасымен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын бүгін, 24 желтоқсанда елорда уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 55 мәрте кездесті. Оның 34-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде қырық екі ойыннан кейін 39 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.
Ал, қырық бір ойыннан кейін 59 ұпай жинаған «Ақ Барс» 3-орынға жайғасқан.
Кейінгі он кездесудің алтауында қазақстандық клуб жеңіске жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Авангардтан» жеңіліп қалған еді.