«Барыс» бүгін СКА командасымен кездеседі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде СКА (Санкт-Петербург) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын елорда уақытымен 22:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 27 мәрте кездесті. Оның жетеуі «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

СКА елордалық клубпен өз айдынында сәтті ойын көрсетеді.

Қазірге дейін өткен 14 кездесудің 13-і ресейлік команданың жеңісімен аяқталған.

Тек 2021 жылдың 17 қазанында өткен ойында «Барыс» буллиттен 4:3 есебімен басым түссе, елордада оларды 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетсек, бұдан кейін елордалық клуб 7 қыркүйекте «Витязь» (Подольск), 9 қыркүйекте «Сочи» командаларымен шеберлік байқасады.

Ал елордада 13 қыркүйекте «Трактор» (Челябинск) командасын қабылдайды.

Еске салсақ, «Барыс» мұның алдында алғашқы кездесуінде минскілік «Динамоға» есе жіберді.


Соңғы жаңалықтар