«Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында қазақстандық клуб ойынды белсенді бастады. Нәтижесінде 5-минутта Антон Сагадеев есеп ашты. Одан кейін ресейлік клубтан Денис Голубев таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде командалар есепті өзгертуге тырысты. Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Үшінші кезеңде ресейлік хоккейші Александр Шаров 42-минутта «Сибирь» командасын шығарды.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді. Елордалық клуб қатарынан төртінші мәрте жеңіліп отыр.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 19 қаңтарда Ресейде «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан үш ойында жеңіліп қалды.


Соңғы жаңалықтар