14:50, 21 Қаңтар 2023 | GMT +5
«Барыс» Ресейде «Автомобилист» командасымен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 21 қаңтар елорда уақытымен 17:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 56 мәрте кездесті. Оның 21-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде елу төрт ойыннан кейін 50 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.
Ал, елу екі ойыннан кейін 68 ұпай жинаған «Автомобилист» 7-орынға жайғасқан.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Трактор» командасынан басым түсті.