«Барыс» ресейлік «Металлург» командасымен төртінші кездесуін өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Барыс» елордада құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында бүгін, 7 наурызда ресейлік «Металлург» (Магнитогорск) командасымен үшінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» ресейлік «Металлург» командасымен төртінші кездесуін өткізеді

Кездесу елорда уақытымен 17:00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Магнитогорскіде өткен алғашқы кездесуде «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түссе , одан кейін 2:6 есебімен есе жіберді.

5 наурызда елордада болған тағы бір кездесуде қарсыласына 3:5 есебімен жол берді.

Осылайша жеңістер сериясында «Металлург» 2:1 есебімен алға шықты.

Тағы бір ойын 9 наурызда Магнитогорскіде өткізіледі.

Бес матчта жеңімпаз анықталмаған жағдайда одан кейінгісі 11 наурызда астанада өтеді.