Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің өкілеттіктері кеңейтілмек

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейтілетіні белгілі болды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Санврачи в Шымкенте «объявили охоту» на малый бизнес
Фото: freepik.com

Ведомство мәліметіне сәйкес, олар бұзушылықтардың себептерін жою жөнінде жеке ұсынымдарды жергілікті атқарушы органдарға және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері саналатын мемлекеттік органдарға жолдау құқығына ие болады.

Сондай-ақ бұзушылықтардың жүйелі себептерін жою үшін шаралар қабылдауды талап ете алады.

— Бұл өкілеттіктер балалар мекемелерінде және әлеуметтік сала ұйымдарында анықталған қауіп-қатерлерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, — делінген комитет хабарламасында.

Бұдан бұрын санитариялық қызмет мамандарының біліктілік жүйесіне енгізілген өзгерістер күшіне енгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар