Бас прокуратура Қожамжаровқа қатысты тергеу бойынша түсінік берді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев экс-сенатор Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеп-тексеру жайында пікір айтты.

Бас прокурордың орынбасары
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Қожамжаровқа қатысты іс қозғалды, қазір тергелу сатысында. Осы іс-шаралар аяқталғаннан кейін, қандай шешім қабылданатыны белгілі болады. Оған қатысты статусы белгіленген жоқ, — деді Ғ. Қойгелдиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салсақ, 2025 жылы қыркүйек айының басында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны жарияланды. 

Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінді.

Ал былтыр қазан айында ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев экс-сенатор Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жайында пікір айтты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум