Бас прокуратура референдумдағы жағдайға қатысты есеп берді
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгінгі республикалық референдум барысында заң бұзуға деректері анықталмады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүддерлерді қорғау қызметінің басқарма басшысы Бекжан Қараманов мәлім етті.

«Дәл қазіргі сәтте дауыс беру процесінде өрескел заң бұзу деректері анықталмады, референдум қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Бүгін прокуратура органдарына республикалық референдумға қатысты өтініштер түскен жоқ», - деді Б. Қараманов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Оның айтуынша, сот органдарына да талап-арыздар жолданбаған.
«Осы бағыттағы қадағалауды қамтамасыз етуді жалғастырып жатырмыз», - деді Бас прокуратура өкілі.
Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.
6 қазанда ел бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.