Бас прокуратура сұйытылған газ тапшылығының негізгі себептерін айтты

Елімізде соңғы үш жылда 7 миллион текше метр газ өндірілді. Оның 25 пайызы, яғни 1,7 миллион текше метрі ішкі нарыққа бағытталған. Дегенмен, елімізде газ тапшылығы мәселесі кездесіп тұрады. Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин сұйытылған газ тапшылығының негізгі себептерін атап өтті.
«Сұйытылған газ айналымын мемлекет бақылайды. Энергетика министрлігі ай сайын тұтыну көлемін анықтайды. Өндіруші көтерме бағамен сатады, жеткізуші газ тарату станцияларына бөледі. Бұл жүйеде ешқандай мәселе туындамауы тиіс еді. Бірақ қателіктер бар. Салдарынан сұйытылған газ тапшылығы тіркеліп, баға өсіп жатады. Негізінен қазақстандықтардың қанша газ тұтынып жатқаны туралы есеп жоқ. Өңірлердегі энергетика басқармалары газ құю станцияларынан есеп алмайды, анализ жасамайды. Ал заңда есеп алып, сараптауға рұқсат берілген. Бұл да нарықтағы нақты жағдайды көрсете алмас еді. Мәселен, Ақтөбеде жұмыс істемей тұрған газ құю станциясына 1200 тонна газ бөлінген. Кассалық аппарат күн сайын чек беріп отырған, қағаз жүзінде 2 газ құюшы жұмыс істеген. Бұл газ ауылдағы 30 станцияны бір ай қамтуға жететін еді. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр», - деді Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин.
Форум кезінде ішкі нарыққа арналған газды Ауғанстанға жібермек болған қылмыстық топтың ұсталғаны туралы да айтылды. Ақтөбеде қазір 8 адам күдікке ілікті.
«Газ бөлу кезінде ашықтық жоқ. Бұл жағдайды шенеуніктер жақсы пайдаланып кетеді. Олар газ бөлу ісіне араласып жүр. Біріне басымдық береді, екіншісін шеттетеді. Өткен жылы осы жолмен Ақтөбе облысында газдың 80 пайызы екі көтерме сатып алу компаниясы берілген. Сондықтан бұл саладағы жұмысты жаңартып, ішкі нарыққа арналған газды бөлуде әкімдік қызметкерлерінің міндетін бөлек қарастыру керек. Әлеуметтік газды шекара асыруға тыйым салған дұрыс», - деді Андрей Лукин.