Бас прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Жандос Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев 1978 жылы туған.
Білімі: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы:
2000 жылы аудан прокурорының көмекшісі.
2010-2011 жылдары бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі — Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің хатшысы болды.
2011-2017 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
2017-2018 жылдары — Бас прокуратураның кадрларды дамыту басқармасының бастығы.
2018-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.
2022 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
Айта кетейік, Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай соңғы кадрлық ауыс-түйіске қатысты мәлімдеме жасап, «Бұл — әдеттегі кадрлық ротация. Негізгі мақсат — мемлекеттік жүйедегі ең маңызды бағыттардың тиімділігін күшейту» деген еді.