Батыс Қазақстан облысында 3 мыңға жуық саяжай үйі су астында қалды

Су тасқыны
Фото: БҚО ТЖД

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан 2 994 саяжай үйі су астында қалды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал қаласының төңірегіндегі саяжайлар Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінің жайылмаларында орналасқан.

Су тасқыны
Фото: БҚО ТЖД

Жайық өзені бойынша секундына 3 мың текше метр су келуде. 

«Су тасқыны басталғаннан бері 13 732 адам эвакуацияланса, соның 5 703-і – балалар. Эвакуациялық пункттерде 2 300 адам орналасса, соның 1 062-сі – жеткіншектер. 11 432 адам туыстарына барды. Облыс бойынша 4 915 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды. Барлығы 1 млн 020 мың текше метр еріген қар суы сорылып, 844 мың дана қапшық және 5 857 мың тонна инертті материал төселді. Апаттық-құтқару жұмыстарына 6 507 адам, 1 201 техника, 196 су сору құралы, 101 дана жүзу құралы және 3 тікұшақ жұмылдырылған. Апаттық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 7 өңірден қосымша күш-құралдар тартылды», деп хабарлады ведомстводан.

Су тасқыны
Фото: БҚО ТЖД

Қазіргі таңда Орал қаласында Перевалочный тоғайы, Коминтерн, Курени ауданы, әуежай, теміржол вокзалы, жас натуралистер станциясы, Жайық өзеніндегі көпір тұсына ерекше көңіл бөлінуде.

Су тасқыны
Фото: БҚО ТЖД

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында су тасқынымен күреске 2700-ден астам адам жұмылдырылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ студент қаламызды судан аман алып қалу басты мақсат осы екендігін айтты.

Жайық өзеніндегі су деңгейі Январцев гидробекетінде 16 сантиметрге жоғарылады.

Су тасқыны
Фото: БҚО ТЖД
Су тасқыны
Фото: БҚО ТЖД
Су тасқыны
Фото: БҚО ТЖД

 

 

Соңғы жаңалықтар