Батыс Қазақстан облысында жол ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы жанданғанын хабарлады.

метель, боран, снег, закрыта дорога, автомобиль, көлік, қар, жол жабық
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

— 2026 жылғы 1 ақпан сағат 18:00-де республикалық маңызы бар «Казталовка — Жәнібек — РФ шекарасы» автожолының 0-158 шақырым аралығында (Казталовка ауылы — Жәнібек ауылы) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылады, - делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, бүгін сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Казталовка — Жәнібек — РФ шекарасы» 0-158 шақырым аралығында (Казталовка ауылы — Жәнібек ауылы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілген еді.

1 ақпанда елдегі қай жолдар жабық екенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум