Батыс Қазақстан облысындағы жол апатынан 2 адам көз жұмды

ОРАЛ. KAZINFORM — Жол-көлік оқиғасы 19 желтоқсан күні Самара-Шымкент жолының 270-шақырымында Теректі ауданы аумағында болды. 

Батыс Қазақстан облысындағы жол апатынан 2 адам көз жұмды
Фото: pexels.com

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолда ВАЗ-2112 автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Соның кесірінен Volkswagen Passat көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. 

— Жол апатынан ВАЗ-2112 автокөлігінің жүргізушісі мен Volkswagen Passat жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғағасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар