Батыс Қазақстанда қар қатты еріп, өзендерде су тасуы ықтимал

 ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында 25-28 наурыз аралығында күн жылынып, қар қатты еруі мүмкін.

Круглосуточное дежурство организовано на паводкоопасных участках железной дороги РК
Фото: пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, осы күндері жаңбыр жаууы да ықтимал.

Әсіресе, 26 наурызда өңірдің кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.

«Қардың қарқынды еруі салдарынан су ағыны қалыптасады. Мұздың қалыңдығы сетінеп, өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін. Осыған байланысты ескерту жарияланып, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті іс-шаралар қолға алынып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

25 наурыз күні облыстың бірқатар жерінде, Орал қаласында тұман түсуі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда тасқын судан келер қауіп қандай екендігін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар