Батыс Қазақстанда тағы бір жасөспірім суға кетті

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында жасөспірім суға кетті.

Батыс
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 9 шілде күні қалаға қарасты Желаев кентінде болды.

«Сағат 14.40-та «Арна» демалыс базасында «Карьер» жасанды су қоймасында қайғылы оқиғаның болғаны жөнінде хабар түсті. Жергілікті тұрғындар жасөспірімнің денесін судан шығарып алды. Өлімнің себебі анықталу үстінде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Өңірде соңғы күндері осындай екінші оқиға тіркеліп отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі өзеннен табылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар