09:06, 12 Мамыр 2024 | GMT +5
Батыс Қазақстанда Жайық өзенінен 7 адам құтқарылды
ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде 7 адам құтқарылды.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 10 мамыр күні Теректі ауданында болған.
«Сағат 16.41-де Жайық өзені бойымен жүзуді жоспарлаған адамдардан эвакуациялау жөнінде өтініш түскен. БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы және 12-өрт сөндіру бөлімшесі күш-құралдарының және дронның көмегімен Сәуір жары туристік аймағы маңынан 7 адам табылып, қауіпсіз жерге шығарылды. Олар жағалауға өз бетімен жете алмаған, қайықтың біреуін өзен ағыны алып кеткен» деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында қоқыс полигоны өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.