Батыс Қазақстанда жөндеуге байланысты республикалық жол бөлігі жабылады
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Подстепный-Теректі-РФ шекарасы (0-36 км) автожолын қайта құру жұмыстары жалғасуда.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, аталмыш жоба аясында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме «Казкомсервис» ЖШС құрылыстың негізгі кезеңіне кіріседі.

— Осы себептен 12 ақпаннан бастап құрылыс уақытында Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы («Сырым» өткізу бекеті) жолының 262 шақырымындағы бөлігі, атап айтқанда, трассаның Атырауға қарай бұрылатын тұсы жабылады. Көлік қозғалысы уақытша айналма жолмен ұйымдастырылатын болады, — деп хабарлады ведомстводан.
Ақтөбе-Орал жолының аталған бөлігі Теректі ауданы Подстепный ауылы маңында, Орал қаласына қарасты Зачаган кентіне қарай бұрылар тұста орналасқан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол салуда қандай бағыттарға басымдық берілетінін жазған едік.