БҚО-ға Маңғыстау мен Алматыдан құтқарушылар көмекке жіберілді

ауылды су алды
Фото: БҚО ТЖД

АСТАНА. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысына Маңғыстау мен Алматыдан құтқарушылар көмекке аттанды. 

ҚР ТЖ министрлігінен мәлім еткеніндей, көктемгі су тасқынына байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу үшін Батыс Қазақстанға Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Министрліктің Telegram каналындағы парақшасында жарияланған бейнежазбада маңғыстаулықтарға қызметтерін абыроймен атқарып, елге аман-сау оралу туралы тілек айтылған. Осылайша, аймақтың жедел құтқару тобы Батыс Қазақстан облысына кетті. 

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясы Алматыдан ҚР ТЖМ 28237-әскери бөлімінің қызметшілерін тасымалдады. Қосымша күштер Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарын жоюға бағытталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында төтенше жағдай жарияланғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында 350-ге жуық адам эвакуацияланды.

БҚО-ның Қаратөбе, Теректі аудандарында төтенше жағдай жарияланды.

Соңғы жаңалықтар