06:10, 05 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Батыс Қазақстанның бірнеше елді мекенінде ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2025 жылғы 5 желтоқсанда Орал, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жезқазған, Балқаш қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске салайық, Алматы әкімдігі ауа сапасы туралы жеке датчиктер мәліметіне сенбеуді ескертті.