Батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты: Қазақстан спортшыларының нәтижесі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Батуттағы гимнастикадан Испанияның Памплона қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей сынның алғашқы іріктеу кезеңі аяқталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.
Ерлер арасында өткен сайыста Қазақстан құрамасынан ең үздік нәтиже көрсеткен Данил Мусабаев болды. Ол 59.080 ұпай жинап, 32-орынға жайғасты. Өкінішке қарай, ол екінші кезеңге өте алған жоқ. Қазақстандық үшінші қосалқы спортшы ретінде тіркелді.
Никита Тумаков – 37-орында, Роман Барков – 38-орында, ал Ерлан Тасмағамбетов – 68-орында аяқтады.
Әйелдер арасында өткен сайыста Виктория Бутолина 39-орынға тұрақтап, бастапқы кезеңнен өте алмады.
Қазақстан батуттағы гимнастикадан Испанияда өтетін әлем чемпионатына қатысатынын жазған болатынбыз.
Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан батуттық гимнастикадан әлем кубогында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті.