Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде су басқан ауылдардан 240 адам эвакуацияланды – Юрий Ильин

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Батыс Қазақстан облысындағы жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Бәйтерек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Жалпы 51 үйді су басты. Оның 45-і - Батыс Қазақстан облысында болса, 6 – Ақтөбе облысы аумағында. 240 адамның 20-дан астамы уақытша эвакуация пунктіне орналасты, қалғандары туыстарының үйіне кетті», - деді Ю. Ильин Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, мониторинг жұмыстары жалғасуда, жол жабынында 26 су тасқыны байқалған еді, оның 13-і тоқтатылды.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына аэровизуалды барлау жүргізілді және бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланды.


Соңғы жаңалықтар